«Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары басқармасы» КММ

Нашар көретіндерге арналған нұсқа

Басқарманың жұмыс регламенты

«Солтүстiк Қазақстан облысының
жолаушылар көлiгi және
автомобиль жолдары басқармасы»
ММ басшысының 2014 жылғы
«9» қаңтардағы № 24.7-5/10
бұйрығымен бекiтiлген

«Солтүстiк Қазақстан облысының жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары басқармасы» ММ жұмысының регламентi

1. Жалпы қағидалар

1.1. Регламент «Солтүстiк Қазақстан облысының жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары басқармасы» ММ (бұдан әрi — Басқарма) iшкi тәртiп ережелерiн және жұмыс режимiн белгiлейдi.

1.2. Басқарманың жұмыс регламентi Қазақстан Республикасы Конституциясының, Қазақстан Республикасы Еңбек кодексiнiң, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттiк қызмет туралы», «Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы» Заңдарының және өзге де нормативтiк-құқықтық актiлердiң, сондай-ақ «Солтүстiк Қазақстан облысының жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары басқармасы» ММ Ережесi мен құрылымының негiзiнде әзiрленген.

2. Басқарма қызметiн ұйымдастыру негiздерi

2.1. Басқарманы Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi мемлекеттiк қызмет туралы заңнамаға сәйкес қызметке қабылдап, қызметiнен босататын басшы басқарады.

2.2. Басқарманың штат санының лимитi мен iшкi құрылымын Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмдiгi бекiтедi.

2.3. Басқарма басшысы Басқарма қызметiн басқарады және оған жүктелген мiндеттердiң орындалуы мен функциялардың жүзеге асырылуына дербес жауапты болады.

2.4. Басқарма басшысы Басқарма қызметкерлерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес қызметке тағайындайды және қызметiнен босатады.

2.5. Басқарма басшысы болмаған кезде оның мiндеттерiн Басқарма туралы ережеге немесе облыс әкiмiнiң өкiмiне сәйкес орынбасарлары орындайды.

2.6. Басқарма бөлiмдерiнiң басшылары өз бөлiмдерiнiң қызметiн Басқарма басшысының жетекшiлiк ететiн орынбасарларымен келiсiп отырады.

3. Жұмыс режимi

3.1. Бес күндiк жұмыс аптасы белгiленген, демалыс күндерi — сенбi, жексенбi.

3.2. Жұмыс күнiнiң ұзақтығы — 8 сағат.

  • Жұмыстың басталуы — сағат 9-00-де.
  • Жұмыстың аяқталуы — сағат 18-30-да.
  • Түскi ас үзiлiсi — сағат 13-00-ден 14-30-ға дейiн.
  • Iшкi жұмыс күнi — сәрсенбi.

4. Басқарма жұмысын жоспарлау

4.1. Басқарма жұмысы тоқсандық және ағымдағы жоспарлар негiзiнде құрылады. Ағымдағы жоспарлар бiр айға жасалады.

4.2. Бөлiм басшылары өз ұсыныстарын дайындап, оларды Басқарма басшысының жетекшiлiк ететiн орынбасарымен келiседi және тоқсанға жасалған ұсыныс жоспарларын ұйымдық-құқықтық жұмыстар бөлiмiне жоспарлы тоқсан басталардан бұрын 10 күннен кешiктiрмей тапсырады.

4.3. Ұйымдық-құқықтық жұмыстар бөлiмi бұл ұсыныстарды екшеп, Басқарма жұмысының тоқсандық жоспарының жобасын құрады.

4.4. Басқарма жұмысы жоспарының жобасы Басқарма басшысының орынбасарларымен келiсiледi, жоспарлы тоқсан басталардан бұрын 7 күннен кешiктiрiлмей Басқарма басшысына бекiтуге ұсынылады.

4.5. Әр тоқсанға арналған жұмыс жоспарының жобасы бекiтiлген тоқсан жоспарына сәйкес құрылып, жоспарлы кезең басталардан бұрын 5 күннен кешiктiрiлмей Басқарма басшысына бекiтуге ұсынылады.

4.6. Әрбiр айға арналған жұмыс жоспары бекiтiлген тоқсан жоспарына сәйкес құрылып, жоспарлы кезең басталардан бұрын 3 күннен кешiктiрiлмей Басқарма басшысына бекiтуге ұсынылады.

4.7. Бұрынғы жоспарлардың орындалуы туралы есептер есептi кезеңнен кейiнгi айдың 5-iнен кешiктiрiлмей тапсырылады.

4.8. Басқарма жұмысы жоспарларының орындалуына жалпы бақылау жасау ұйымдық-құқықтық жұмыстар бөлiмiнiң басшысына жүктеледi.

5. Басқарманың аппараттық кеңестерiн дайындау және жүргiзу

5.1. Басқарманың аппараттық кеңестерiн Басқарма басшысы жүргiзедi.

5.2. Аппараттық кеңестерде автомобиль жолдарын жөндеу және күтiп ұстау, жолаушыларды тасымалдауды ұйымдастыру және мемлекеттiк сатып алу, Басқарманың тиiмдi жұмыс iстеуiн ұйымдастыру мәселелерi талқыланады.

5.3. Аппараттық кеңеске ақпарат дайындауға жауапты тұлғалар күн тәртiбiмен кеңес өткiзiлерден бiр апта бұрын таныстырылады.

5.4. Қызметкерлердi хабардар ету ұйымдық-құқықтық жұмыстар бөлiмiне жүктеледi.

5.5. Кеңестi Басқарма басшысы, басшы болмаған кезде басқарма басшысының орынбасарлары жүргiзедi.

5.6. Басқарманың әрбiр аппараттық кеңесi хаттамамен ресiмделуi тиiс. Хаттаманы жүргiзiп, ресiмдеуге жауапты — ұйымдық-құқықтық жұмыстар бөлiмiнiң басшысы. Ресiмделген хаттамалар Басқарма басшысына бекiтiлуге ұсынылады.

5.7. Хаттамаларға күнтiзбелiк жыл шегiнде реттiк нөмiрлер берiледi. Аппараттық кеңеске қатысушылар тiзiммен ресiмделедi. Хаттамада күн тәртiбiне енгiзiлген барлық мәселелер, олар бойынша қабылданған бұйрықтар мен тапсырмалар көрсетiледi. Хаттамалар iстер номенклатурасы бойынша Басқарма папкасына тiгiледi.

5.8. Басқарма басшысының орынбасарлары апта сайын жұма күнгi сағат 10-00-де өткен аптадағы жұмыс қорытындыларын қарау және алдыңғы аптаға берiлетiн тапсырмаларды анықтау бойынша бөлiм басшыларымен жұмыс кеңестерiн өткiзiп отырады.

5.9. Басқарманың аппараттық кеңестерiнiң мәселелерi бойынша бөлiм басшылары өз бөлiмдерiнiң қызметкерлерiмен жұмыс кеңестерiн өткiзедi.

6. Басқарма басшысының бұйрықтарын дайындау және ресiмдеу тәртiбi

6.1. Басқарма бланкiлерiнде басылған, орындаушылардың, заңгердiң, мүдделi бөлiм басшыларының қолдары қойылған, Басқарма басшысының жетекшiлiк ететiн орынбасары келiскен бұйрық жобалары Басқарма басшысына қол қоюға ұсынылады.

6.2. Басқарма басшысының қолы қойылған бұйрықтарды (түпнұсқаларын) жауапты тұлға тiркейдi және персоналмен басқару қызметiнде сақталады.

6.3. Басқарманың жеке құрамы, қызметкерлердiң демалыстары мен iссапарлары бойынша бұйрық жобалары негiзгi қызмет бойынша бұйрықтардан бөлек топталады.

7. Әкiмдiк пен мәслихатқа құжаттар дайындау және ресiмдеу тәртiбi

7.1. Әзiрлеушiсi Басқарма болып табылатын облыс әкiмдiгiнiң құжаттары (қаулы, өкiм, шешiм жобалары) әкiмдiк регламентiне сәйкес қол қойылатын әкiмдiк пен облыс әкiмiнiң бланкiлерiнде дайындалады.

7.2. Облыстық мәслихат құжаттарына (облыстық бюджеттi атқару туралы есептi бекiту жөнiндегi шешiм жобасына) облыс мәслихатының регламентiне сәйкес қол қойылады.

8. Құжаттар мен тапсырмаларды бақылау тәртiбi және оны ұйымдастыру

8.1. Басқармаға келетiн құжаттардың орындалу мерзiмдерiн Басқарманың iс жүргiзу жөнiндегi инспекторы бақылауға алады.

8.2. Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметi актiлерiн, Президент пен Премьер-Министрдiң тапсырмалары бар құжаттарды, облыс әкiмiнiң шешiмдерi мен өкiмдерiн, облыс әкiмi мен оның орынбасарларының тапсырмалары бар құжаттарды, Басқарма басшысының бұйрықтары мен тапсырмаларын орындау ерекше бақылауға алынады.

8.3. Жоғары тұрған органдардың құжаттары мен тапсырмаларының, Басқарма басшысының тапсырмалары мен бұйрықтарының орындалуын бақылауды және тексерудi ұйымдастыру үшiн жауапкершiлiк ұйымдық-құқықтық жұмыстар бөлiмiнiң басшысына жүктеледi.

8.4. Бақылауға алынған құжаттар құжатта немесе олардың бұрыштамаларында көрсетiлген мерзiмдерде орындалады. Нақты орындау мерзiмi көрсетiлмесе — құжат немесе тапсырма келiп түскеннен кейiнгi 10 күн iшiнде, «шұғыл түрде» деген белгiсi бар құжаттар кiдiрiссiз орындалады.

8.5. Жоғарғы ұйымдардан келiп түскен, орындау мерзiмi құжатқа қол қойылған күннен бастап саналатын құжаттарды қоспағанда, құжатты орындау мерзiмi құжат Басқармаға келiп түскен күннен бастап саналады. Егер құжат уақтылы орындалмайтын болса, орындаушы кiдiрiс себебiн жазбаша негiздеп, орындау мерзiмiн кейiнге қалдыруды сұрайды.

8.6. Орындаушы Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң нормативтiк актiлерiн орындау бойынша әкiмнiң бақылауындағы тапсырмаға арнап, оны iске асыру барысы жөнiнде барлық материалдар жинақталған «Жинақ папкасын» жүргiзедi.

8.7. Басқарма басшысының немесе басқарма басшысы орынбасарының қолы қойылған, облыс әкiмiнiң тапсырмасын орындау жөнiндегi (соның iшiнде Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiн iске асыру бойынша) ақпарат әкiмнiң немесе әкiмнiң жетекшiлiк ететiн орынбасарының атына ұсынылады. Құжат бақылаудан облыс әкiмiнiң бұрыштамасы негiзiнде алынады.

8.8. Аппараттық кеңестерде берiлген Басқарма басшылығының тапсырмаларын орындау аппараттық кеңес хаттамасындағы орындау бағанында белгiленiп, орындаушының қолымен куәландырылады.

9. Азаматтардың арыздарын, өтiнiштерiн, шағымдарын қарау тәртiбi

9.1. Азаматтардан келiп түскен өтiнiштер мен шағымдар қабылданған күнi белгiленген нысан бойынша журналда тiркеледi.

9.2. Журналда арызды немесе шағымды қарау және оны орындау жөнiнде белгi қойылады. Жауап жазбаша берiлсе, шығыс нөмiрi мен жауапты орындаушы көрсетiледi.

9.3. Басқарма басшылығының азаматтарды жеке қабылдауы белгiлi бiр күндер мен уақытта жүзеге асырылады:

Басқарма басшысы — бейсенбi күнi 16-00-ден 18-00-ге дейiн.

Басқарма басшысының орынбасарлары:

  • сейсенбi күнi 16-00-ден 18-00-ге дейiн;
  • жұма күнi 16-00-ден 18-00-ге дейiн.

9.4. Басқармада сыбайлас жемқорлық пен мемлекеттiк қызметкерлердiң қызметтiк этиканы бұзу фактiлерiн хабарлау үшiн сенiм телефоны орнатылған (8-(7152)-33-87-65).

9.5. Мемлекеттiк қызмет этикасын бақылау кiтабi персоналды басқару қызметiнде болады, сондай-ақ бұл кiтапта азаматтардың шағымдары мен өтiнiштерi де тiркеледi.

10. Қызметтiк хат-хабарларды орындау, ресiмдеу және жiберу тәртiбi

10.1. Қызметтiк хат-хабарларды орындау, ресiмдеу және жiберу тәртiбi Iс жүргiзу жөнiндегi нұсқаулықпен анықталуы тиiс.

10.2. Құжат төрттен астам адресатқа жiберiлетiн кезде орындаушы қол қойған жiберу көрсеткiшi дайындалады.

10.3. Қызметтiк хат-хабарларды қабылдап, жiберудi iс жүргiзу жөнiндегi инспектор (қабылдау бөлмесi) жүзеге асырады. Құжаттарды қабылдау бөлмесiнен тыс беруге немесе жiберуге тыйым салынады.

11. «Қызмет бабында пайдалану үшiн» белгiсi бар құжаттармен жұмыс

11.1. Облыс әкiмiнiң аппаратынан Басқармаға келiп түскен «ҚБП» белгiсi бар құжаттар жауапты тұлғамен арнайы журналда тiркелiп, Басқарма басшысынан Басқарма басшысының орынбасарына және тiкелей орындаушыларға берiледi.

11.2. «ҚБП» материалдары металл шкафтарда және сейфтерде сақталуы тиiс.

11.3. Орындаушыларға «ҚБП» белгiсi бар құжаттардың мазмұнымен оған қатысы жоқ тұлғаларды таныстыруға, сондай-ақ осы құжаттарды жоюға тыйым салынады.

12. Тексерулер жүргiзу тәртiбi

12.1. Басқарма қызметiне өзге бақылаушы органдар жүргiзетiн тексерулер тексеру үшiн сұратылатын материалдар белгiленген арнайы журналда тiркеледi.

12.2. Материалдарды тексеруге беру қатаң түрде Басқарма басшылығының рұқсатымен жүзеге асырылады.

13. Кеңестердi, басқа да iс-шараларды дайындап, өткiзу тәртiбi

13.1. Бюджеттiң атқарылуы, автомобиль жолдарын жөндеу және күтiп ұстау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру, жолаушыларды тасымалдауды ұйымдастыру және мемлекеттiк сатып алу мәселелерi бойынша басшылар және мамандар шақырылған семинар-кеңестер мен басқа да iс-шаралар Басқарма жұмысының тоқсандық және ағымдағы жоспарларына сәйкес өткiзiледi.

13.2. Жоспарда белгiленген өткiзу мерзiмдерiне сәйкес, өткiзу ретi, күн тәртiбi, кеңестердi ұйымдастыру және өткiзу бойынша iс-шаралар жоспары, қатысушылар мен шақырылғандар тiзiмi жасалады.

13.3. Семинарлардың, кеңестер мен басқа да iс-шаралардың материалдары папкаға тiгiлiп, материалдары дайындалып, iс-шараларды өткiзуге жауапты бөлiмде сақталуы тиiс.

14. Басқарма қызметкерлерiнiң кеңестерге шақыру және кеңестерге шығу тәртiбi

14.1. Облыс басқармаларының, комитеттерiнiң, қалалары мен аудандары әкiмдiктерiнiң, өзге де жауапты тұлғалардың мамандары кеңеске басқарма басшысы немесе оның орынбасарлары келiсiп, қол қойған телефонхатпен шақырылады.

14.2. Басқарма қызметкерлерiнiң қалаларға, аудандарға, сондай-ақ облыс аумағынан тысқары шығуы iссапар құжаттарымен, Басқарма басшысының бұйрығымен ресiмделедi.

14.3. Басқарма қызметкерлерi қала бойынша мекемелер мен ұйымдарға шығар алдында белгi қою журналында тиiсiнше жазба енгiзулерi қажет.

Мақаланың шыққан күні: 22.05.2018 15:49

Парақтағы соңғы өзгерістер: 22.05.2018 15:49

Басқарма басшысы
Балахонцев Владимир Николаевич

Подать резюме

Қаңтар 2020
ДсСсСрБсЖмСнЖк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

ҚР Әділет министрлігі

Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынады.

Президенттің ЖолдауыОфициальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстана egov.kz Ассамблея народа Казахстана Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области IPO ДКБ2020 Алтын сапа Әділет Модернизация пенсионной системы Казконтент Иновационные гранты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Защита бизнеса СКО Электрондық еңбек биржасы ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есім Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігіАстана — Ұлы дала елордасы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі АҚ ҰК «Kazakh Invest» «БЖЗҚ» АҚ

@2020 «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары басқармасы» КММ

A- A A+